Дональд Трамп президенттік жалақысынан бас тартты


АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткен Дональд Трамп мемлекет басшысы қызметіне келгенде, өз жалақысынан бас тартпақ. Бұл туралы ол өзінің CBS News арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.




«Мен бұл жайлы пікір білдірген емеспін. Бірақ, жауабым – жоқ. Меніңше, заңға сәйкес мен 1 доллар алуым керек. Сондықтан, жылына 1 доллар алатын боламын», -дейді Трамп.


Ал жылына 400 мың доллар деген шартты жалақы сомасын естігенде, бірден «Жоқ, жалақы алмаймын» деп қысқа қайырған.


Трамп өз билігі кезінде елдің жалпы тұрмысынан бөлек, Ақ Үйде де біршама өзгерістер жасамақ. Мәселен, ол қазіргі Распублика партиясының Ұлттық комитетінің басшысы Ринс Прибасты резиденция басшылығына қоймақшы екен.


Естеріңізге сала кетейік, Трамп осы айдың 8 күні болған сайлауда сайлаушылардың 270 дауысының күшімен жеңіске жеткен болатын. Оның басты қарсыласы Хиллари клинтон 228 дауысқа ие болды.


Трамптың өз қызметіне ресми түрде кірісуіне арналған салтанатты рәсім 2017 жылдың 20 қаңтарында өтеді.

Другие новости