Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации просят вернуть их на Родину
7 тамызда 2024 жылы Бас көлік прокуратурасы «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры, оның орынбасары мен бас менеджеріне қатысты үкім шығарды. Олар аса ірі мөлшерде ақша ұрлағаны үшін айыпталды, деп хабарлайды бас көлік прокуратурасы.
Сот талқылауы барысында сотталушылар теміржол станциялары үшін бейнебақылау жабдықтарын сатып алу және монтаждау бойынша аффилирленген компаниялармен шарттар жасасу жолымен өздеріне сеніп тапсырылған 159 млн теңгеден астам ақша қаражатын ұрлағаны айыптауы дәлелденген болатын.
Алайда, жабдық толық жеткізілмеді, техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеді немесе ақаулы болды. Менеджердің рөлі бақылаудағы кәсіпкерлерді табу және бейнебақылау жүйелерін өз бетінше орнату болды. Бас директор мен оның орынбасары қабылдау актілеріне қол қойып, айқын бұзушылықтарға қарамастан мердігерлерге төлем жасаған, - деп көрсетілген хабарламада.
Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 7 жылдан 8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сот сотталғандардан келтірілген шығынды да өндіріп алды.