Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации просят вернуть их на Родину
Су ресурстары және ирригация министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында тасқынға тосқауыл бола алатын гидротехникалық құрылыстардың санын атады. «Министрлік жергілікті атқару органдарымен бірге елдегі гидротехникалық құрылыстарды түгендеді. Бүгінгі таңда ел аумағында 1502 гидротехникалық құрылыс (405 су қоймасы, 247 бөгет, 461 бөгесін, 118 гидроторап, 271 тоған), бар. Оның ішінде 331 нысан республикалық меншікте, 934-і коммуналдық меншікте, 229-ы жеке меншікте болса, 6 нысанның иесі жоқ», - деп жазылған жауапта. Ресми мәліметте кейінгі зерттеулер қорытындысы бойынша 537 гидротехникалық құрылысқа күрделі жөндеу қажет екені айтылған. Оның 52-сі республикалық, 428-і коммуналдық, 49-ы жеке меншікте. Иесіз қалған 6 нысан да күрделі жөндеуді қажет етеді.