Елордада 12 мектепке қазақ ағартушыларының есімі берілді



Ахмет Байтұрсынұлы, Жұмабек Тәшенев, Шәкәрім, Ілияс Жансүгіровтің есімдері берілді.




Үкімет басшысы Асқар Маминнің қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласында 12 мектепке Алаш зиялыларының есімі берілді. Құжат 2020 жылдың 6 ақпанында жарияланған екен.


Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 44 қаулысы бойынша:


1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 10 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жұмабек Тәшеневтің есімі;


2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 48 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі;


3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 52 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Бейімбет Майлиннің есімі;


4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 56 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Шәкәрімнің есімі;


5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 57 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Мәшһүр Жүсіптің есімі;


6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 58 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ілияс Жансүгіровтің есімі;


7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 68 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Міржақып Дулатұлының есімі;


8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 76 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әлихан Бөкейханның есімі;


9) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 80 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Сәкен Сейфулиннің есімі;


10) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 84 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Халифа бен Заид әл-Нахаянның есімі;


11) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 85 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнидің есімі;


12) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Оқушылар сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына әл-Фарабидің есімі берілсін.


Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Другие новости