Редакция следит за развитием ситуации в Атырау
Астана халықаралық әуежайы аумағында орналасқан «Рухани жаңғыру» символы объектісі желден құлап қалды.
«Сәулет объектісі қатты желдің әсерінен құлаған. Қазір мердігер ұйым қайта орнату жұмысын жүргізіп жатыр. Зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады Астана қаласы Есіл ауданының әкімдігі.
Айта кетейік, бүгін Астана халықаралық әуежайында 20 шақты рейс кешігіп жатыр.
Сондай-ақ, елордада тәулік ішінде 250-ден астам жол апаты тіркелген.
Еске сала кетейік, Астанада боранға байланысты барлық қызмет түрі күшейтілген режимге көшірілді.