Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации просят вернуть их на Родину
Бүгін Еуропалық кеңес Еуроодақтың адам құқықтары жөніндегі арнайы өкілі қызметіне Имон Гилмордың орнына Олаф Скугты тағайындады, деп хабарлайды Kazinform.
И.Гилмордың бес жылдық өкілеттігі 29 ақпанда аяқталады. Өз кезегінде, Олаф Скуг 2024 жылдың 1 наурызында екі жылдық бастапқы кезеңге өз міндетін атқаруға кіріседі.
Олаф Скуг – өз елінде және Еуроодақтағы әртүрлі лауазымдарда тәжірибесі бар швед дипломаты. Ең соңғы лауазымы – Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Еуропалық Одақ делегацияның басшысы (2019 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың тамызына дейін).
Еуропалық кеңесте атап өткендей, ЕО-ның жаңа Арнайы өкілі Еуроодақтың адам құқықтары саласындағы саясатын жүзеге асыруға, халықаралық гуманитарлық құқықты сақтау және халықаралық қылмыстық сот төрелігін қолдауға қатысты ЕО ұстанымын жүзеге асыруға үлес қосуда өзіне дейінгілердің жұмысын жалғастырады.
Бұдан басқа, Олаф Скуг үшінші елдердің үкіметтерімен және халықаралық және аймақтық ұйымдармен, сондай-ақ азаматтық қоғам ұйымдарымен және басқа да тиісті субъектілермен адам құқықтары жөніндегі диалог арқылы Еуропаның дауысын нығайтуға көмектеседі. Арнайы өкіл Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметімен және ЕО институттарымен сыртқы әрекетте ЕО адам құқықтары саясатының тиімділігі мен көрінуін қамтамасыз ету үшін тығыз жұмыс істейді, - делінген Еуропалық кеңес мәлімдемесінде.