​Хиджаб киген әйгілі тұлғалар


Әлемге танымал тұлғалар мен жұлдыздар ислам дінін қабылдай келе, өмірлік көзқарасымен қатар, сырт бейнесіне де өзгерістер әкеліп жатады. Сондай тұлғалар жөнінде кішігірім ақпараттар тізбегін жасадық





  • Джанет Джексон – әйгілі поп-музыканың королі Майкл Джексонның қарындасы, әнші, 300-ге жуық марапаттардың иегері. Биылғы жылдан бастап, Джанет мұсылман күйеуінің ықпалымен гардеробына біраз өзгерістер енгізген. Сахналық ашық киімдерден бас тартып, іс-шаралар мен көшеге жабық хиджаб киіп шығыпты. Бұл өзгерістерге 50 жасар әншінің жүктілігі де әсер еткен көрінеді.



  • Лорен Бут – танымал ағылшын журналисі, саяси белсенді, бұрынғы ағылшын премьер-министрі Тони Блэрдің балдызы, қазір ирандық Press TV арнасында жұмыс жасайды. Осыдан алты жыл бұрын, Иранға жасаған сапарынан кейін Ислам дінін қабылдап, хиджаб кие бастаған. Содан бері дін, ислам тақырыптарында мақала, сараптамалар жазады.



  • Эмине Ердоған – Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның жары, түрлі халықаралық қайырымдылық қорларының белсендісі, «Хилал-и-Пәкістан» сыйлығы, Кранс Монтана Форумының арнайы сыйлықтарымен марапатталған. Эмине Эрдоған Түркиядағы әйелдер құқығы мәселесіне ат салысып жүріп те, ислам шарттарындағы киім үлгісін өзгертпеген.



  • Шейха Моза бинт Насер әл-Миснед – Катар әмірі Хамада бен Калифа-әл-Танидың екініші әйелі, қоғам белсендісі, әлеуметтанушы, бірнеше мемлекеттік лауазымды қызметті қатар алып жүрген Парсы шығанағындағы санаулы әйелдердің бірі. Моза әл-миснед – заманауи мұсылман әйелдеріне тән жабық та сәнді киінетін бірден бір тұлға.



  • Мария (Марьям) Алалыкина – атақты ресейлік «Фабрика» тобының бұрынғы әншісі, бүгінде бірнеше тілді қатар білетін аудармашы. Топтан кеткен соң, ислам дінін қабылдап, орамал таққан. Қазір «Живой Журнал» атауымен дін және басқа да тақырыптарда блог жүргізеді.



  • Эльхам Асгари – ирандық тұңғыш жүзгіш қыз, кроль әдісімен жүзу бойынша әлемдік рекорд иесі. 2008 жылы осы әдісте рекорд жасағанда, халықаралық спорт комитеті Эльхамның киімін сынға алған болатын. Ол суға жабық жүзу киімімен түскен еді. Ирандағы суда жүзу спортындағы әйелдерге жасалатын шектеулерге қарамастан, 32 жастағы спортшы 18 километрді бірінші бағындырған.




  • Ибтихадж Мухаммад – америка құрамасынан семсерлесу спорты бойынша олимиада чемпионы, қазір осы спортта жаттықтырушы, онымен қатар мұсылман әйелдеріне арналған Louella киім топтамасының авторы. Ислам шариғаттарына да, сәнге де сай киім өндіруді мақсаты деп білетін спортшы жарыстардың ешқайсысында да орамалын тастамаған екен.



  • Diam’s (шын аты Мелани Жоржиад (Георгиад) ) – француз рэп орындаушысы, бірнеше рет «Жыл әні», «Жыл бейнеклипі» номинацияларын жеңіп алған танымал әнші. Ол 2010 жылы Құранды оқығаннан кейін, исламға келіп, хиджаб кие бастаған.



Онымен қоса, Голливуд жұлдыздары орамал жауып суретке түсуді сәнге айналдырған. Жоғарыда аталған танымал әйелдер секілді күнде киіп жүрмесе де, олар хиджабты жеке парақшасында қызу талқы туғызу үшін пайдаланатын сияқты.


  • Солардың бірі – танымал әнші Мадонна бірнеше жыл бұрын өз парақшасына хиджабтағы суретін салып, біраз мұсылманның шамына тиген болатын. Өзінің бұл қылығына жұлдыз ешқандай түсінік берген жоқ.



  • Ал Рианна 2013 жылы Абу Дабидегі Заид Шейх мешітіне барып, орамалмен суретке түскен. Бұл суреттер де көптеген ислам жақтаушыларының наразылығын тудырды. Өйткені, жұлдыздың үстіндегі киімі хиджаб емес, дизайнерлік костьюм екен.



  • Селена Гомес пен модель Кендаль Дженнер де Арабияға барған сапарында хиджаб киюге мәжбүр болған. Олар қара көйлек пен орамал таққан суреттерін бірнеше рет әлеуметтік желіге де тіркеген болатын. Әдеттегідей, желі қолданушылары жұлдыздардың бұл әрекетін «көзбояушылық» деп санап, біраз сынның астына алды.


  • Мұсылман мемлекеттеріне жасаған сапарында жұлдыздар әдетте жабық киінуге мәжбүр. Солардың бірі – Анджелина Джоли. Ол да Пәкістанға барғанда орамал тағып ел алдына шықан болатын.


Другие новости