Испан тұмауы: 25 аптада 25 миллион адам қаза болған


Дүниежүзі бойынша ең көп адам шығыны болған "испан тұмауы" болған екен. Бұл сонау алғашқы дүниежүзілік соғыс кезінде болған. Осы күнге дейін оның қайдан, неден, пайда болғаны туралы мәліметтің жоқтың қасы. Алайда ол ең алдымен 1918 жылы АҚШ-та тіркеліпті. Оны АҚШ-қа қытайлық қара жұмысшылар арқылы әкелінген болуы мүмкін деген болжам бар.




Әскери цензураның жіті бақылауымен соғыс кезінде барынша бұл аурудың таралып жатқанын жасыруға әрекет еткен. Бірақ бейтарап Испания белгісіз аурудың тарап жатқаны және әскерлердің жаппай ажал құшып жатқаны туралы тың жаңалықты 1918 жылдың мамыр-маусым айларында басылым беттеріне жариялап жібереді. Осылайша " испан тұмауы" деген атқа ие болады.



Дүниежүзі бойынша 1918-1919жылдарда 18 ай бойы испан тұмауын жұқтырған адам саны 550 миллионға жуыққа жеткен. 100 миллионға жуық адам өмірін жалмағаны үшін испан тұмауы тарихтағы ең үлкен қасірет болып қалады. 1-Дүниежүзілік соғыстың соңғы айларында пайда болған бұл індет бүкіл планетаға лезде тарап кетеді. Індеттің құрбаны негізінен 20-40 аралығындағы жастар болған. Ең басты симптомдары ол беттің көгеруі, өкпенің қабынуы және қақырықта қан болуы. Вирус жұқтырған адам аурудың соңғы кезеңдерінде өкпеге қанға толуы салдарынан, өз қанына өзі шашалып өлген.Ешқандай белгілерсіз де бұл ауруды жұқтырғандар жетерлік екен. Жер жерден көшіп отырған әскери базалардың тасымалдаушы көліктер, яғни корабль, поезд, әртүрлі тасымал құралдарының арқасында лезде бүкіл әлемге жайылған. Ауруды асқындырмау үшін кейбір елдерде адам көп жиналатын жерлер театр, кино, шіркеу, мектеп, сот сияқты орындарды жауып тастаған. Дүкендерде сауданы көшеде жасағандар да болған. АҚШ тың кейбір қалаларында қолмен амандасуға болмайтындығы қатаң ескертілген. Барселонада күніне 1200 адам өлген. Ал кейбір қалаларда дені сау дәрігер қалмаған көрінеді. Көр қазушылардың өзін табу қиынға соққан. Адамдарды көмуге жалпылама жер қазылып экскаватордың көмегімен жерлеуге тура келген. Алғашқы 25 аптаның өзінде 25 миллион адам ажал құшқан екен.


Бір ғана испан тұмауының құрығы жетпеген жер ол Бразилияның Амазонкасындағы Маражо атты аралы екен.


Дереккөз: newsroom.kz

Другие новости