​«Әйел бақыты» трансвестит қонаққа ақша төлеген


Жақында Ләйлә Сұлтанқызы блогер Эльвира Ергалинаға сұхбат беріп, бағдарламаның тағы бір сырымен бөлісті. Ұлттық арна эфирден жынысын өзгерткен ер адамды шақыру үшін оған ақша төлеген деп хабарлайды Nur.kz.




Ләйлә Сұлтанқызы трансвеститті эфирге шығарудың нақты бір көздеген мақсаты болмағанын, тек осы күні қоғамда бар біржыныстылармен бірге күресу керек екенін, бірге күрессек жеңе аламыз дегенді айтқымыз келді деп түсіндірді.


Сонымен қатар, Ләйлә эфирге, халық алдына көп шыға бермейтін мұндай жігіттермен бағдарлама редакторлары ұзақ жұмыс жасағанын, соңында эфирге шығару үшін ақша төлеуге дейін барғанын мойындады.


Нақты қанша ақша төлегенін жасырған жүргізуші бұл сұрақты жоба жетекшісі Нариман Қойшыбаевқа немесе продюсері Асыл Алшуринаға қою керектігін айтады.



Еске сала кетсек, бір айға жуық уақыт бұрын «Қазақстан» ұлттық арнасы «Әйел бақыты» бағдарламасына ЛГБТ өкілін шақырған болатын. Ұлттық арнаның төрінен трансвестит жігітке орын бергені үшін, бағдарлама жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызының басы дауға қалған еді.


Әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп, «Қазақстан» ұлттық арнасына біраз сын айтылды. Тіпті, танымал журналист Ардабек Солдатбай «Қазақстан» ұлттық арнасының басшысы Нұржан Жалауқызынан Ләйла Сұлтанқызын жұмыстан шығаруды талап етіп, хат жазған еді.

Другие новости