Казахстанцы, отказавшиеся от эвакуации просят вернуть их на Родину
Қайрат Нұртас Instagram желісін тағы да шулатты. Бұл жолы әнші махаббат туралы жазба жариялап, ел арасында қызу пікірталас ұйымдастырған деп хабарлайды www.ztb.kz порталы https://kaz.nur.kz сілтеме жасап.
Өз жазбасында ол танымал әннің өлең жолдарын жазып қойған. "Менің жүрегім кешірімді ғой. Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба?", - деп жазды әртіс. Желі қолданушылары өнер иесінің бұл қылығын түсінбей, оған қатысты өз пікірлерін жаудырып жатыр. Олар бұл әсерлі сөздердің кімге арналғанын білгісі келіп, Қайратты сұрақтың астына алды. Оған қоса, оқырмандардың басым көпшілігі әншіден отбасындағы жағдайын сұрауда.
"Қайрат өзіңді фотоға түсіре бергенше, жанұяңмен неге түспейсің?", "Жұлдыз көрінсе айдың жанынан", "Жұлдызға айтып тұр ғой", "Қайрат сен мықтысың. Халық сені жақсы көреді", "Жұлдыз қайда? Неге көрінбейді?", "Кімге арналған екен бұл сөздер?", "Тек бір сұрақ, арықта не істеп тұр екен, Қайрош ағамыз", - деп жазуда көпшілік.