Посольство работает в штатном режиме
Продюсер-ана Алматы телеарнасындағы бағдарламалардың бірін жүргізетін болды. Бұл туралы Гүлзира Үсенқызы желідегі парақшасында хабарлады. Айтуынша, көптеген жас аналар одан балаларын қалай жетістікке жетелеуге болатынын сұрайды екен, деп хабарлайды Stan.kz.
«Бүгін тағы бір істі бастап кеттім. Алматы арнасына “Тұмарым”- атты бағдарламаға тележүргізуші болып. Келіскен себебім: көптеген жас аналар балаларымызды жетелеуге арманымыздың орындалуына ақыл-кеңес беретін бір сабақ орын ашсаңыз деген сұранысты көбірек еститін болдым. Іске сəттілік тілейсіздер ме жоқ əлде уəж айтасыздар ма құлағым сіздерде», – деп жазды әншінің анасы.
Желі қолданушыларының арасында продюсер-ананың бастамасын қолдап, сәттілік тілегендер көп болды.
«Керемет, сізден әрбір келіншек үлгі алса қор болмайды. Еңбегіңіздің жеңісін жеңіз, Алла разы болсын», «Гүлзира Үсенқызы тек қана алға», «Аналарға көмегіңіз тисе болды», «Барлық аналар сіз сияқты балаларын осылай жақсы, тәрбиелі, өнерге, қазақшылыққа жетелесе Қазақстанымызда жұмыссыз жалқаулар болмас еді», – деп пікір білдірді желі оқырмандары.