​Қансырап жатқан науқаспен суретке түскен дәрігер желіде дауға қалды


Қаскелеңдегі дәрігерлердің суреті Instagram-да жарияланыпты. Фотода бір топ ақ халатты медицина қызметкерлерінің операциядан кейін ес-түссіз жатқан науқастың артында суретке түскенін көруге болады. Бұл желіде үлкен дау туғызды, деп хабарлайды Іnformburo.kz.




Акушер-гинеколог Балхия Қосаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына ота залынан түсірілген сурет жариялаған. Фотодағы анықтамаға қарағанда, дәрігерлер тобы Қаскелеңде цистаэктомия ( артық өсіндіні алып тастау үшін жасалатын хирургиялық ота) жасаған көрінеді.


Қансырап жатқан бұл сурет желі қолданушыларының үлкен наразылығын тудырды. Олардың көбісі медицина қызметкерінің этика нормаларына сай емес қылық жасап жатқанын айтып, даулы пікірлер білдірген.


Қолданушылардың бірі осындай әрекеті үшін Ресейде дәрігерді жұмыстан қуу фактісі болғанын ескертіп, желіден суретті өшіруге шақырған.


Аталған жарияланымды «Астана қаласының қайырымдылар клубының» негізін салушы Гүлмира Абдрашева да сынға алыпты.


Другие новости