​Қазақ қызы Ресейге шахматтан алтын әперді



Бибісара Асаубаева 12 жасқа дейінгі қыздар арасындағы шахматтан кезекті рет әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігі Индустрия және туризм департаментінің директоры Марат Иғали өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.




"Асаубаева Бибисара (Ресей-Қазақстан) 12 жасқа дейін қыздардың арасында шаxмат бойынша кезекті чемпион атағына ие болды! Құтты болсын!", - деп жазды ол желідегі парақшасына.


Айта кетейік, Бибісара еліміздегі талантты шахматшылардың бірі болған. Жастығына қарамастан, оқушылар арасында үш мәрте әлем чемпионы атанып үлгерген еді. Бір рет 8 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында әлем біріншілігінде топ жарған. 7 жасында әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері атағын алған.


Ал қазір Бибісара Асаубаева Мәскеу облысына қарасты, Химки қаласында тұрады. Оны Ресейге Мәскеу облысының Шахмат федерациясының президенті Сергей Нестеров шақырған көрінеді. Шахматшы қыздың анасы Лиана Таңжарықова бұған дейінгі берген сұхбаттарында қазақстандық федерация тарапынан қолдаудың аздығын айтқан болатын. Сондықтан, Бибісара бүгінде жарыстарға Ресей Федерациясының атынан қатысып жүр.

Другие новости