​Қазақстан жемқорлық туралы әлемдік рейтингте екі жылда 17 орынға көтерілген


Алматыда өткен отырыс барысында Қазақстан Республикасының жемқорлықпен күрес агенттігінің басшы орынбасары Алик Шпекбаевтың айтуынша, Қазақстан жемқорлық туралы әлемдік рейтингте 2014-2016 жылдары 17 орынға көтерілген. Бұл ақпаратты Today.kz таратты.




«Жемқорлық тақырыбы тек мемлекеттің мәселесі емес, бұл – барлық елге ортақ проблема. Әлемде біз 123-орындамыз, өйткені, жемқорлық деңгейі өте жоғары. Бірақ жемқорлықпен күрес саясатының арқасында, біз 2014-2016 жылдар аралығында 17 орынға жылжыдық. Заң бұзушылықтар әкімдіктерде де бар: бес мыңға жуық жайт тіркелген, ал оның 10 пайызы – аса ауыр жемқорлық фактілері. Алайда, қазір жемқорлық деңгейін түсіруге 59 арнайы Заң қойылған. 2016 жылдың 9 айында жемқорлық фактісі бойынша, Алматыда 871 қызметтік тұлға жауапқа тартылды. Сыбайлас жемқорлықтың ең төменгі деңгейі СҚО-да байқалуда. Алматы әкімдігіндегі ең көп пара ісі тіркелген сала – тұрғын үй құрылысы», -дейді Шпекбаев.


Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек жемқорлықпен күрес саласында қалада көптеген арнайы шаралар жасалып жатқанын айта кетті. Онымен қоса, Байбек Алматы жолдарында 700 бейнебақылау камерасы орнатылғанын және істің нәтижелігін арттыру үшін тағы да біраз құрылғы сатып алу қажеттігін мәлімдеді.


Қала әкімі ең басты қойылып отқан мақсат – азаматтық белсенді қоғамды құрастыру екеніне тоқталды. Көлеңкелі экономиканың деңгейін азайту мәселесінде ауқымды жобалар жасалып жатыр екен. Әрі Алматы қаласының аудандарының әкімі жыл сайын жеке есеп беретін көрінеді.

Другие новости