Қазақстанда поезда телефон қуаттау қызметін міндеттелді



Темір жолдағы жолдаушылар мен жүк тасымалдау қызметі жүйесіне жаңа ережелер енгізілуде. Бұл туралы Инвестиция және жаңа технологиялар министрлігіне сілтеме жасап, Today.kz сайты хабарлайды. Олардың бірі – поездың келіп жетуі тәртібіне байланысты жасалды, енді жолаушыларға арнайы талондар берілетін болады.



Жаңадан қабылданған талондың жүйе жолаушылардың өз вагондарына дұрыс қабылданып, отыруына көмектесетін көрінеді.



Міндеттелген қызметтердің қатарына купеде ұялы телефондарды қуаттауға арналған электронды тетіктер орнату да кіреді. Оған қоса, бұл қызмет вагондардың электрлі жабдықталуына, тоқ қысымының деңгейіне сәйкес, арнайы электронды схемамен, жолаушының орнына сай жасалуы тиіс.



Жаңа міндеттерге жолсеріктің жолаушыға ұсынатын төсек жабдығы жөнінде ережелер де қосылды. Ережелер бойынша, жолсерік жолаушының төсек жиынтығын таратып, сапар соңында, станцияға 30 минут қалғанда қайта жинап алуы тиіс.



Оған қоса, кәмелетке толмаған балаларды тасымалдау заңды қамқоршысынсыз, тек арнайы нотариалды құжат арқылы жүзеге асатын болады.



Ережелерді бұзған, не орындамаған жағдайда, жолсерік пен тасымал қызметкерлерінің ісіне арыз-шағым қалдыруға да болады.

Другие новости