​Қазақстанда туған неміс боксының «ханшайымы» кезекті жеңісіне  жетті


Кристина Хаммер өзінің «Балға әйел» атын дәлелдеп, WBC мен WBO бойынша әлем чемпионы дәрежесін қорғады. Бұл туралы «Экспресс-К» жазады.




Кристина Қарағанды қаласына жақын орналасқан Новодолинка ауылында туған. Бірақ кішкентай кезінен Германияға кетіп, 15 жасында бокспен айналыса бастаған екен. Ол 16 жасында-ақ жасөспірімдер арасында Германия чемпионы атағын жеңіп алыпты. Екі жылдан кейін, Кристина әйелдер арасындағы ең жас әлем чемпионы дәрежесін иемденген.



Онымен қоса, Хаммер заманауи бокс аренасындағы ең сымбатты арулардың бірі болып табылады. Бүгінде ол түрлі брендтердің жарнамасына түсіп үлгерген, тіпті, әр жекпе-жегіне ерекше киім үлгісімен келуді әдетке айналдырған көрінеді.


БАҚ-тың есінде оның швед қызымен болған жекпе-жегі қалды. Салмақ өлшеу барысында өзін сүйіп алған Швеция өкілі Микаэла Лоренді Хаммер рингте нокаутқа түсіріп, «кегін алған» да екен.

Другие новости