Қазақстанда жүкті жасөспірім қыздардың саны көбейіп кеткен


Қазақстанда жүкті жасөспірім қыздардың саны көбейіп кеткен. Оған қоса, жылына 15-18 жас аралығындағы 4-5 жасөспірім жасанды түсік жасататыны анық болды. Бұл жөнінде Қазақстандағы ЮНФПА-ның бағдарламалар координаторы Ғазиза Молдақұлова баяндады, деп хабарлайды «Қазинформ» ХАА.




«Ресми статистикаға сәйкес, 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында бала туу жиілігі 2011 жылдан бері өсіп, 35-ке жеткен, дәл санын айтқанда, 1000 қыз ішінде 34.72 оқиға. Бұл үрдіс соңғы 10 жылда мүлдем өзгермеді. 2011 жылы бұл көрсеткіш 29 болатын. Ең жоғары көрсеткіш Маңғыстау облысында байқалды. Онда бұндай жағдайлар мың қызға – 54 оқиға. Жамбыл облысында – 50,5 іс, Атырау облысында – 46, Алматы облысында – 41. Қазақстандағы бұл көрсеткіш Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының елдеріне қарағанда, 6 есе жоғары екенін айта кету керек. Онда мың қызға 4 пен 6-ға дейін іс тіркелген», -дейді Молдақұлова.


Қазақстанда жылына 15-18 жас аралығындағы 4-5 жасөспірім жасанды түсік жасататыны анық болды. Оған қоса, ерте жастан бала көтеру оқиғалары ауылдық мекендерде қаладағы көрсеткіштен гөрі 12 пайызға көп екен.


Айта кететін жайт, ЮНПФА – БҰҰ-ның халықтың өсуі жөніндегі мәселелерін зерттеп, шешу жолдарын қарастратын қор болып табылады. Ол дамушы мемлекеттердегі демократия проблемаларын шешуге ықпал ету сферасында жұмыс жасайды.

Другие новости