Алтай өлкесінің Третьяков аудандық соты аймаққа жалпы бағасы 6,8 млн рулбь болатын, 70 бас бірқазан өткізбек болған қазақстандықтың үстінен шешім шығарды. Айыпталушы үш жылға бас бостандығынан айырылатын болады, деп хабарлайды BNews.kz.
Батыс Сібір көлік прокуратурасының баспасөз қызметі: «Ол РФ ҚК 226.1 бабы, 1-тармағы бойынша, кінәлі деп танылды. Мемлекеттік айыптаушы Рубцов көлік прокуратурасының пікіріне сүйене отырып, сот кінәліні 1 жыл алты ай сынақ мерзімін есепке алып, шартты түрде 3 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдады», -деген мәлімет берді.
Сот 15 тамыз күні айыпталушының Қазақстан территориясының анықталмаған аймағынан Ресей Федерациясының Қызыл кітабіна енгізілген 70 кептірілген бірқазан тұқымдас құс басын заңсыз иемденгенін анықтады.
Құстарды РФ-ға өзінің танысының көлігімен алып кірмек болған азаматты ресейлік шекара қызмет тұтқынға алған. Ол құс бастарын Алтайда сатпақ болғанын мойындаған екен. Олар қандай мақсатта қолданылатынын ведомстводағылар атап айта алмады.