​Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі гран-приде бесінші орынға тұрақтады


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева "Ростелеком Кубогының" гран-при кезеңінде бесінші орынға ие болды деп хабарлайды Sportfm.ru сайты.



16 жасар Элизабет еркін бағдарламасы үшін 117,01 балл алып, бесінші сатыға тұрақтады. Екі бағдарламаны қосқанда, онда 181,32 ұпайға қол жеткізді.


Бас жүлдені ресейлік Анна Погорилая 215,21 ұпаймен жеңіп алыпты. Екінші орын Елена Радионоваға тиесілі болды. Оның ұпайы - 195,60.


Қазақстандық спортшымыздың бағдарламасы барысында атақты бапкер Татьяна Тарасова Элизабетті әдемі қимылдары мен жылдамдығы үшін кербұғыға теңеп өткен.



Мәскеудегі «Rostelecom Cup» гран-приінің нәтижелер тізімі мынадай:

1. Анна Погорилая (Ресей) — 215,21
2. Елена Радионова (Ресей) — 195,60
3. Кортни Хикс (АҚШ) — 182,98
4. Ли Цзыцзюнь (Қытай) — 181,83
5. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) — 181,32
6. Юра Мацуда (Жапония) — 177,65
7. Николь Райичова (Словакия) — 167,56
8. Роберта Родегейро (Италия) — 159,80.

Другие новости