Қазақстандықтар қазанда орта есеппен 66 мың теңгесін саудаға жұмсаған



Қазақстандықтар дүкендерде жалпы сомасы 667,1 миллиард теңгеге сауда жасаған. Бұл көрсеткіш бір айдың ішінде +10,2 миллиард теңгеге өсіпті. Ал әр азамат жеке орта есеппен 66 мың теңгесін саудаға жұмсапты, деп хабарлайды Zakon.kz.




Ranking.kz аналитикалық қызметі берген деректерге сай, бөлшек саудаға қазақстандықтар 667,1 миллиард теңгесін қалдырыпты. Бұл өткен айдан гөрі 1,6%-ға, өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда, 20,4%-ға артық көрсеткіш екен.


Бөлшек сауданың қыркүйекпен ең үлкен айырмасы Батыс Қазақстан облысында байқалған көрінеді. Облыс тұрғындары бір айда 16,6%-ға көбірек, 22,1 млрд теңгеге дейін сауда жасапты. Одан кейінгі өсім байқалған өңір – Қызылорда. Облыста саудаға кеткен қаражаттың қыркүйекпен салыстырғанда, 15,2%-ға, 18,9 млрд теңгеге дейін өсімі байқалған.


Ең көп бөлшек сауда жасаған – Қазақстанның қаржы орталығы, Алматының тұрғындары. Барлық есептің 28,1% осы қалаға тиесілі, яғни қазанда 87,4 млрд теңге саудаға жаратылған. Қыркүйекте бұл көрсеткіш 27,4%, ал былтыр 26,8% болған еді.


Бір ай бұрын, орта есеппен бір қазақстандық бөлшек саудаға 65 мың теңгесін жұмсаса, қазанда бұл сома 1 мың теңгеге өсіпті.


Ал бұл тарапта ең жоғарғы көрсеткіш тағы да екінші астанада: Алматы тұрғындарының орта сауда чегі 109,1 теңге, одан кейін Актөбе облысы – 87,6 мың теңгені құраған.

Другие новости