Көкжайлауда сенбілік өтеді


Келесі сенбі, 8 қазанда, Көкжайлау шатқалында таңғы 10.00-ден 15.00-ге дейін үлкен сенбілік өтеді. Бұл жөнінде Қазақ географиялық қоғамы мәлімдеді.




Аталған қоғамның ақпаратына сай, сенбілікке қатысушыларға өз күшімен жетуіне тура келеді. Бірақ, жол бойында, бұрынға «Просвещенец» демалыс үйінен (Медеу шатқалына бір километр жетпей, оң жақтан) бастап, жиналыс орнына дейін, алматылықтарды еріктілер күтіп алып, жол көрсететін болады. Қоқыс жинау үшін қап, жұмыс қолғаптары, тұрмыс қалдықтарын шығаратын мәшинелер берілетін болады.


Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жыл бұрын, қала әкімшілігі осы шатқалда әлемдік деңгейдегі шипажай салу жоспарын жариялаған болатын. Бірақ, қоршаған ортаға тигізетін зиянды айтып, Алматы қоғамы бұған қарсы шықты. Ал, билік өкілдерінің шешіміне бұл қарсылық әсер етпесе керек, қазір құрылысқа инвестор іздестірілуде.



Другие новости