Посольство работает в штатном режиме
Халыққа «Конгресс-Холл» атымен танымал, Қазақстандағы мәдени іс-шаралардың ұйытқысы болып табылатын концерт залы енді жаңаша аталатын болады. Ғимараттың ендігі атауы Астана тұрғындарына ұнамаса керек, желіде әкімдіктің бұл шешімі қызу талқыға салынуда. Бұл туралы «NewTimes.kz» АП хабарлайды.
Желіде Астананың оң жағалауының көрнекі орындарының бірі «Конгресс-Холл»-дың атының өзгеруі туралы қызу талқы жүріп жатыр. Қала тұрғындары әкімдіктегілердің «жаңашылдығына» ашулы. Аты өзгерген мәдениет сарайы енді «Астана Концерт залы» деп аталмақ.
Қала тұрғыны Ляззат Әбдірайымова әкімдікке: «Әсет Исекешов! Ең болмағанда қаладағы объектілердің атын өгертуде әлеуметтік сауалнама жүргізу, халықпен санасу үлгісін тәжірбиеге неге енгізбеске? Аталған оқиғада расында да «Целиндіктер сарайы» деген атауды қайтарған дұрыс, бұл деген қаланың тарихы емес пе, оның үстіне ол әдемі естіледі. Астана атауы, шынымызды айтсақ, мезі қылды, Астана деген қаланың бренді ғой, барлығын солай атай берудің қажеті жоқ. Тіпті, бірде дүкеннен «Астана» дәретхана қағазын көрдім, бұл деген ақылға сыйғысыз дүние енді. Халықпен кеңесіңіздер, біз көп нәрсені айтамыз, өйткені, біздің арамызда үлкендер де, жастар да, жаңашылдар да бар. Әрі сізге мұндай көмек біздің сүйікті қаламыздағы көптеген сұрақтарды шешуге қажет болар еді!», -деген үндеу жолдаған.
Желідегі көптеген қолданушылардың ойы аталған ғимаратты қалай өзгертсе де, оның бұрынғы «Конгресс-Холл» деген атауы есте қалатын болады деген пікірге кеп тоғысыпты.