Қордайдағы қақтығыс: Үйінді астында қалған жігіт 20 жаста


Қордайда болған қақтығыстан кейін Масанчи ауылында үйінді астынан табылған адамның кім екені белгілі болды.




Жамбыл облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, күйіп кеткен адам 20 жастағы Мұрат Масанов есімді азамат.


«20 жастағы жігіт із-түссіз жоғалып кеткендердің қатарында болған. Әкесі ұлының жоғалып кеткені туралы полицияға 9 ақпанда хабарлады», - делінген департамент мәлімдемесінде.


11 ақпанда Масанчи ауылында қираған сауда орталығының ғимаратын тазарту кезінде үйінді астынан бір адамның мәйіті табылған еді. Генетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша оның кім екені анықталып отыр.


Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жас жігіттің қалай көз жұмғаны анықталуда.

Другие новости