​Қытайда миллиондаған пара алғаны үшін, шенеунікті ату жазасына кесті


ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасының көмір өндірісі бөлімінің бұрынғы орынбасары Вэй Пэнъюань 212 миллион юань көлемінде (32 миллион долларға жуық) пара алды деген айып бойынша кінәлі деп танылып, екі жылдық мерзімдік ұзартумен өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды«МИР 24» арнасы.




Басылымның ақпаратына сай, шенеунік 2000 жылдан бастап, 2014 жылға дейін 212 миллион юань пара алған.


Оған қоса, Вэй Пэнъюаньға қатысты өзінің қызмет бабын пайдаланып, үшінші жақ тұлғаларына көмек көрсетіп келген деген айып тағылып, бүкіл мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылданды.


Бұрынғы мемлекет қызметкері өзінде осыншама қаражат қайдан пайда болғанын түсіндіре алмапты. Сот процесі былтырғы жылдан бері Хэбэй провинциясы, Баодинде өтіп келді.


Естеріңізге сала кетейік, 10 қазан күні Юннань провинциясындағы Қытай коммунистік партиясының бұрынғы басшысы, 70 жасар Бай Эньпай да 247 миллион юань (37 миллион доллар) көлемінде пара алғаны үшін, екі жылдық мерзімдік ұзартумен өлім жазасына кесілген болатын.

Другие новости