Әлемдік саясаттағы ең ықпалды әйелдер


Саясатта мансаптық жолын қалыптастыра білген белді тұлғалардың басым көпшілігі ер адамдар екені барлығымызға аян. Дегенмен, жан-жақты саяси салмағы бар іскерлік әлемде әйелдер де қалыс қалар емес. Қазіргі саясаткер әйелдердің өзіне тән өзгешелігі бар және олардың көбі саяси аренада өздерінің жеке имиджімен ерекшелене білді. Сонымен қатар іскерлік қасиеттері мен әрекеттері - олардың еңбек жолындағы үлкен жетістігі . Бүгін әлемдік деңгейдегі ең жарқын және ықпалды саясаткер әйелдер туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы әңгіме қозғайды.



Ангела Меркель


Германияның алғашқы әйел-канцлері


Ангела Доротея Меркель — немic саяси және мемлекеттік қайраткер, 2005 жылдан бастап Германиянын 8-шi Федералды канцлерi. Германияның алғашқы әйел-канцлерi. Христиан демократиялық одақтын басшысы. Бірнеше рет Forbes журналының әлемнің ең ықпалды әйелдер тізімін басқарды.


Берлин қабырғасы құлағаннан кейін түбегейлі өзгерістер аясында Ангела Меркель өзінің саяси мансабын бастады. 1989 жылдың желтоқсан айынан бастап «Демократиялық серпіліс» жаңа партиясында уақытша компьютер әкімшісі болып, ал 1990 жылдың ақпан айынан бастап партия төрағасы Вольфганг Шнур штатында референт болып жұмыс атқарады. Кейінірек ол Баспасөз хатшысы лауазымын алды. Ангела Меркельдің мүше болған партияның 18 наурыздағы 1990 жылғы өткен Халық палатасына бірінші еркін сайлауы жеңіліспен аяқталды: партия тек 0,9% дауыс жинады. Алайда, сайлау блогынын басқа партиясы - Христиан-демократиялық одақ күтпеген нәтижеге жетуiне (41% дауыс) байланысты «Германия үшiн альянсы» сайлау жеңімпазы болып шықты. Сайлау коалиция мүшелерінің арасында портфельдерінің бөлу кезiнде Ангела Меркель баспасөз хатшысының орынбасары лауазымын алған. Германия біріккеннен кейін Меркель Германия Федеративтік Баспасөз және ақпарат кеңсесінде министрлік кеңесшісі лауазымын алды. BPA жұмысқа орналасқаннан кейiн, Меркель Бундестагтын депутаты болу туралы шешім қабылдады. 1990 жылдын 20 желтоқсанда Ангела Меркель депутаттық мандатын алды.



Хиллари Клинтон


АҚШ-тың алғашқы мемлекеттік хатшысы, Демократиялық партияның мүшесі


Хиллари Клинтон - 2009 жылдан бері Америка құрама штаттарының Мемлекеттік хатшысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Демократиялық партияның мүшесі, АҚШ -тың 42 Президенті Билл Клинтонның жұбайы.

2001 – 2009 Нью-Йорк штатынан сайланған сенатор, Демократиялық партиясының белсенді мүшесі, 2008 жылы президент сайлауына қатысты. Партия ішіндегі сайлау кезінде Барак Обамаға жол берді. Президент болып сайланған Барак Обаманың ұсынысы бойынша және Сенаттың талқылап мақұлданғаннан кейін Хиллари Клинтон АҚШ мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды. 2009 жылы қаңтардың 21-нен бастап АҚШ мемлекеттік хатшысының қызметін атқарады.



Дилма Русеф


Бразилияның бұрынғы президенті


Әлемдік экономикадағы номиналды ЖІӨ көлемі бойынша ел басқарушы ғажайып адам. Дилманың әкесі-Болгар эмигранты және коммунист. 1964 жылы Бразилиядағы әскери төңкерістен кейін Дилманың өзі Социалистік радикалды фракциясына қосылды және астыртын қарулы ұйымдарда партизан болды. Қызмет барысында түрмеге түсіп, онда азаптауға ұшыраған. Алайда екі жылдан кейін бостандыққа шығып, өз өмірін қалпына келтірді. Университетке түсті, саясатқа оппозициялық тараптан қатысты. Энергетика министрі, кейін Президент Әкімшілігінің басшысы, содан соң президент болды.


Русеф мансаптық өсу жолында түрлі кедергілерге тап болды. Тіпті, оған сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айып тағуды көздеген шенеуніктер де болды. Алайда, түрмеге отырып шыққан Русефті қорқыту мүмкін болмады. Сайлауда жеңіске жету үшін Дилма бірнеше рет пластикалық операция жасатып, көзілдірік киюді тоқтатты және стилін түбегейлі өзгертті. Көпшілік оны құрметтейді және қорқады.


Мишель Обама


АҚШ-тың бірінші ханымы


Мишель Лавон Робинсон Обама — америкалық адвокат, АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обаманың жұбайы. АҚШ-тың бірінші ханымы.


Күйеуі Барак Обаманың президенттік тарихындағы ең төменгі рейтингіне қарамастан, Мишель Обама өзінің қызметінде беделді болды. Оның ерекше стилі көпшіліктің назарын аударды.


Мишель Обама Vogue-ге шығып, ЛГБТ қауымдастығының құқығын қорғау бойынша науқан ұйымдастырып, балалар семіздігіне қарсы күрес жүргізіп, президенттік резиденция бағында дәл осы мақсатта бақ орнатып, екі қызына өте жақсы ана болса, күйеуіне адал жар бола білді. Бұл да - өте үлкен еңбек.



II Елизавета


Ұлыбритания патшайымы

II Елизавета — 1952 жылдан бастап Ұлыбритания патшайымы.

II Елизавета ханшайым Виндзор әулетінен шыққан. Таққа 1952 жылдың 6 ақпанында, яғни 25 жасында, әкесі — VI Георгтың өлімінен кейін отырды.


Ұлттар достастығының басшысы, сондай-ақ II Елизавета ханшайым Ұлыбритания патшалығынан бөлек Австралия, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Гренада, Канада, Жаңа Зеландия, Папуа — Жаңа Гвинея, Сент-Винсент және Гренадиндер, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Соломон аралдары, Тувалу, Ямайка сияқты 15 мемлекеттің патшайымы болып саналады. Сонымен қатар, Англикан шіркеуінің басшысы және Ұлыбританияның қарулы күштерінің жоғарғы Бас қолбасшысының қызметін атқарады.


II Елизавета — жасы бойынша Ұлыбритания тарихындағы ең жасы үлкен британ (ағылшын) монархы. Қазіргі таңда ханшайым британ тағында билік құру ұзақтығы бойынша рекордсмен, сондай-ақ дүние жүзі бойынша қазіргі таңда мемлекет басқарып отырғандардың ішінде ең ұзақ отырған екінші мемлекет басшысы (Таиланд королі Пхумипон Адульядеттен кейін). Сонымен қатар, қазір мемлекет басындағы барлық әйелдердің ішіндегі ең егде жастысы, ал Еуропадағы ең кәрі мемлекет басшысы.

2015 жылдың 24 қаңтарындағы Сауд Арабиясының патшасы — Абдулла ибн Абдул Азиз ас-Саудтың өлімінен кейін билік басындағы ең кәрі монарх болып саналады.

Елизавета ханшайымның басқару кезеңінде британия монархиясы үшін көптеген тарихи оқиғалар орын алды: Британ империясының ыдырап, Ұлттар достастығының құрылғандығын айқындайтын — деколонизация үрдісі аяқталды.

Елизавета ханшайым британдық республикашылдардың сынынан бөлек, британдық БАҚ-тың, сондай-ақ қоғамның да сынына қалды. Дегенмен, II Елизавета британ монархиясының абыройын сақтап қалып, оның Ұлыбританиядағы әйгілігін әлі де түсірген емес.



Пак Кын Хе

Корея Республикасының 11-президенті


Пак Кын Хе — Корея Республикасының 11-ші президенті. 2004-2006 және 2011-2012 жылдар арасында Ұлы ел партиясының лидері (партия 2012 жылдық ақпанында Сенури деген атауға көшті). 1963-1979 жылдары Оңтүстік Кореяны басқарған президент Пак Чоң Хидің қызы. Корея Республикасының президенті болып 2013 жылғы Оңтүстік Кореяның президенттік сайлауында таңдалды. Лауазымын 2013 жылды 25 ақпанынан бастады. Анасының қайтыс болғанынан кейін әкесінің алдында тұңғыш арудың қызметін атқаруда.


Президент өкілеттігі 2016 жылдың 9 желтоқсанында, өткен импичмент тәртібі бойынша, Оңтүстік Корея Парламенті дауыс беру нәтижесінде тоқтатылды. 2017 жылғы 10 наурызда Оңтүстік Корея Конституциялық Соты бірауыздан импичментті бекітті, содан кейін Президенттің өкілеттіктері тоқтатылды. 2017 жылы 30 наурызда, пара алу, билікті теріс пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер болмаған адамдарға құпия ақпаратты берді деген айыппен тұтқындалды.



Элен Джонсон-Серлиф

Либерияның алғашқы президенті


Элен Джонсон-Серлиф көбімізге Африкалық ел — Либерияның алғашқы президенті болғаны арқылы таныс. Өжет мінезділігі мен наным-сенімдерінің беріктігі үшін Эленді «темір ханым» деп атап кеткен. Бейбітшілікке және демократияға талпынғаны үшін ол Нобель сыйлығымен марапатталды. Ол кісі парасатты бір әйелдің айласы мыңдаған қарулы ердің күшінен қуаттырақ бола алатынын өз ісі арқылы дәлелдеді.

2005 жылы өткен келесі сайлау кезінде Эленнің негізгі бәсекелесі көпшілікке танымал футболшы Джордж Веа болды. Алайда Элен қарсыласынан 20% аса артық дауыс алып жеңіп кетті.


Джонсон-Серлиф соғысты доғару керек деп ұйғарды. Саяси белсенді Лейма Гбовидің қолдауына ие болған Элен бір біріне қарсылас либериялықтармен келіссөздер жүргізу және тараптарды ымыраластыру үшін ақиқатты анықтау және татуластыру жөніндегі комиссия құрды. Алайда жауласқан тараптар оның сөзіне құлақ аспайтындай көрінді. Сонда барып Элен қулыққа көшті.


Африка тұрғындарының айтуынша, президент балық базарына жүйелі түрде барып тұрды. Ондағы сатушылардың дені әйелдер еді. Президент сатушылармен көп араласып-құраласты, олардың жайын біле түсті және қолдап отырды. Ол кісі күнделікті дерлік сатушылармен бірге ән айтты және құдайға мінәжат қылды. Ақыр соңында Элен жергілікті әйелдерге әрқайсысы өз күйеуіне «Егер сен соғыса беретін болсаң, мен сенің жаныңда жатпаймын» деген қарапайым бір шарт қоюға келісіп алуды ұсынды.


Бұл ойдың табысты болатынына сенгендер шамалы болды, алайда жоспар іске асты. Ерлер біртіндеп соғысуды доғарды да, соғыс ақырында аяқталды.

Другие новости