Тұтынушылардың шағымымен тексерілген 13 тауардың тоғызынан сарапшылар стафилококк, зең, нитраттар, сальмонелла т.б. зиянкестер анықтаған, деп хабарлайды аймақтық «Лада» басылымы.
Стафилококк «Чудо» йогуртынан анықталған, ал жергілікті өнеркәсіптің құртынан зең табылыпты.
2016 жылы Ұлттық экспертиза орталығының Маңғыстаудағы филиалы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен бірге тауарларға зерттеу жүргізуді бастаған болатын.
«Зерттеу жүргізілген тоғыз айдың ішінде 846 бақылау үлгісі алынған, оның 604-і – тамақтану тауары. 128 тауардан сапа мен қауіпсіздік стандарттарына қарсы келушілік анықталған. 70 пайыз азық-түлік маркасының қаптамасындағы мәтінді сарапшылар ережелерге сай емес деп тапты. Бактериологиялық зерттеу барысында «СПК Курников» өндірген фарш пен Пенза облысында шығарылған тауық бауырынан сальмонелла табылды», -дейді Ұлттық экспертиза орталығының Маңғыстаудағы филиалының директоры Райхан Рсымбетова.
Басылымдағы ақпаратқа сай, 14 тауардан зең саңырауқұлағы анықталған. Олардың басым бөлігі – қазақстандық және ресей өндірген дәмдеуіштер.