Мақпал Жүнісова "Мерейді асырап алғанбыз", "қызымдай көрген Мерейім мені тастап кетті"


Әлеуметтік желіде Халық әртісі Мақпал Жүнісова көзіне жас алып, халықтан кешірім сұрап отырған видеосы пайда болды.

Әншінің айтуынша, Мерей туған қызы болмаған. Туған бауырының қызы болып шықты. Шындықты айтқаны үшін қызы Мерей оны тастап кеткен.

«Сәлеметсіздер ме! Бұл менің шаңырағым. Мен сіздердің алдарыңызда Заманбек Қалабаевич үшін өтірік алдадым, кешіріңіздер! Мерей менің туған қызым емес, ол менің туған бауырымның қызы. Мен шындықты айтқаным үшін қызым менен кетіп қалды. Біз қызды зорлықпен алған жоқпыз, екі баламыз түсіп қалғаннан кейін олар өздері берген, «асырап беріңдер»,- деп. Асырадық, Зәкең өзінің тегін берді. Енді мен ол қыздың алдында, халқым мен басымды имеймін. Кетсе кете берсін. Бүгін кетіп қалды, келмесе кетсін мәңгіге. Өзінің туған әке-шешесі бар, туған бес бауыры бар. Барсың! Асырадым. Өз қызымдай көрдім. Зәкеңсіз асырадым. Кетсе кете берсін, жібердім», - дейді әнші видеода.

Другие новости