Махамбеттегі Талдыкөл ауылының тұрғындарын мәжбүрлі эвакациялау басталды

Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылының тұрғындарын мәжбүрлі эвакациялау басталды. Атырау облысының жедел штабынан мәлім еткендей, Талдыкөл ауылының 250 тұрғынын түгелдей эвакуациялауға шешім қабылданған, деп хабарлайды Kazinform.

Снимок экрана 2024-05-25 121041
Фото: Атырау облысының жедел штабы

Су басу қаупінің күшеюіне байланысты толық эвакуациялау тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр. Бірнеше күн бұрын Талдыкөлден 207 тұрғын Атырау қаласына эвакуацияланған еді. Ал, 422 тұрғын өз қалауларымен туыстарының үйіне орналасқан болатын. Енді тұрғындар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №1 жатақханасындағы эвакуация пунктіне орналастырылады. Өз қалауымен туыстарының үйіне де бара алады, - деп хабарлады облыстық жедел штаб.

Снимок экрана 2024-05-25 121050
Фото: Атырау облысының жедел штабы

 

Қазір Талдыкөл ауылының тұрғындарын эвакуациялауға Қорғаныс министрлігінің 59 сарбазы, Төтенше жағдайлар министрлігінен 17 қызметкер, арнайы техникалар тартылған. Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға көшірілген Талдыкөл тұрғындары ауылымызды тасқын су баспаса екен деген еді.

 

Другие новости