Какие улицы получили новые названия с казахскими именами?
Moody’s рейтингтік агенттігі Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін “Baa1” деңгейіне көтерді, болжам – “тұрақты” (2023 жылғы рейтинг көрсеткіші – Baa2, болжам – “позитивті”), деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.
Рейтингті арттыру бойынша шешім Қазақстан экономикасын әртараптандырудың оң динамикасымен ұштастыра отырып, мемлекеттік басқаруды, институционалдық және саяси негіздерді жетілдіруге негізделген. Бұл сыртқы күйзелістерге төзімділікті және несиелік қабілетті арттыруға ықпал етеді, - - делінген хабарламада
Moody’s рейтингтік агенттігі көмірсутектерге тәуелділіктің айтарлықтай төмендегенін, сондай-ақ көлік-логистика саласының, өңдеу өнеркәсібінің және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамығанын атап өтті.
Тұрақты болжам тәуекелдердің теңдестірілген деңгейін көрсетеді. Moody’s сарапшылары инвестициялық тартымдылықты арттыру және экономиканы әртараптандыру үшін одан әрі экономикалық және институционалдық реформалардың маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл ретте ұзақмерзімді экономикалық перспективалар үшін қауіп факторлары ретінде өңірдегі геосаяси жағдайдың ықтимал нашарлауы, қайталама санкциялар ықтималдығы байқалады.
Едәуір фискалдық резервтер – Ұлттық қордың активтері экономикалық күйзеліс кезеңдерінде бюджеттік икемділікті қамтамасыз ете отырып, фискалдық тұрақтылыққа ықпал етуді жалғастыруда.