Но «Казахского авторского общества» также в планах и подавать в суд Главное здесь - переговоры.
Суретте Айдың көтеріліп келе жатқан бейнесі көрінеді. Бұл жөнінде VistaNews жазды.
Ғарыштан түсірілген бұл суреттің авторы Кэтлин Рубин фотоға: «Біздің планета мен әлемнің арасындағы атмосфераның жұқа қабықшасы»,- деп анықтама берді.
Кэтлин бұл кадрді Халықаралық ғарыш станциясынан жасаған. Сурет АҚШ-тың ғарыштық агенттіктігінің Твиттердегі аккаунтында жарияланыпты.
Рубин түсірген бейнеде Жердегі ауа қабатының сәулемен шағылысуы анық көрінеді.
Айта кетейік, Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) – Жердің орбитасында, 352 км аумақта орналасқан кешен. Ол – ғарышты игеруді көздейтін түрлі мақсаттар үшін құрылған, 15 мемлекеттің бірлескен жобасы.