Нұрсұлтан Назарбаев Mercedes-ін қытайлық электромобильге ауыстырды


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қостанайға барған сапарында қазақстандық AllurGroup компаниясында шығарылған электромобильге мінді. Бұл жөнінде sputniknews.kz сайты хабарлайды.


Аталған көлікті Елбасына AllurGroup-тың директоры Андрей Лаврентьев таныстырды. JAC маркалы электромобильдің бөлшектері Қазақстанда жиналады, ал жалпы өндіріс қытайлық JAC Motors Corporation компаниясымен бірлесіп құрылған.


AllurGroup 10 жылдан бері өз алаңында түрлі көліктер шығарып келеді. Қазақстанда жиналған SsangYong, Peugeot, Toyota, JAC и Iveco автомобильдері де осы компанияның өндірістің табысы болып отыр.

Другие новости