Қазақстан Республикасының Президенті бүгін елдің Бас прокуроры Жақып Асановты, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешовті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлайды.
Кездесу барысында, Асанов Елбасына құқық қорғау органдарының қызметі жөнінде ақпарат беріп, «100 нақты қадам» ұлт Жоспарының орындалу барысымен таныстырды.
Қазақстан Президенті заң аясы, құқықтық тәртіптің орнығуы мен азаматтардың құқықтық білімін арттыру мәселесін атап өтті.
Оған қоса, Елбасы бүгін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешовті қабылдады.
Елорда әкімі өткен тоғыз айдағы атқарылған істер жөнінде есеп беріп, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, ЕХРО-2017 көрмесіне дайындықтар жөнінде мәліметтер келтірді.
Нұрсұлтан Әбішұлы Астана әкіміне құрылыс сапасын нықтап тапсырды.
Бұнымен қатар, Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы қызметіне тағайындалған Антони Гутерришке құттықтау жеделхатын жіберіп, Тайланд королінің қазасына орай, көңіл айтты.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын БАҚ Елбасының сырқаттанып қалғаны туралы ақпарат таратқан болатын. Ақорданың ресми сайтында Мемлекет Басшысына суық тигені хабарланған еді.