Нью-Йоркте Қазақстан жайлы ән айтқан жігіт туралы видео желіге шықты



Желіде Қазақстан туралы ән айтқан Диаз Мусалимовтың видеосы таралуда. Қазір АҚШ-та білім алып жатқан жігіт туған жері туралы әнді Манхэттендегі атақты Birdland клубында орындаған. Бұл видео біздің Instagram-дағы парақшамызда жарияланды.




Видео бүгінге дейін 126 мың қаралым жинаған. Одан Диаздың джаз-клубтардың ең танымалы Birdland-тың сахнасында ән айтып тұрғанын көруге болады. Бұл сахнада аты аңызға айналған Оскар Питерсон, Дайана Кролл, Рой Хэйнс, Мишель Легран, Дэйв Брубек, Тони Уильямс, Хэнк Джонс, Фредди Хаббард, Кларк Терри, Рон Картер, Джон Хендрикс атты жұлдыздар өнер көрсеткен екен.



Қазақстандықтар, оның ішінде Семей жұрты өз жерлестерімен мақтанатындарын айтуда. Кей қолданушылар Диазға, тіпті, америкалық The Voice жобасына қатысуға кеңес берген.

Другие новости