Они иллюстрировали работу волонтеров Biz Birgemiz Qazaqstan
Орал қалалық сотында ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігі (бопсалау) және 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу) бойынша айыпталған А-ға қатысты қылмыстық іске нүкте қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, А. аталған баптарға сәйкес айыпты деп танылып, ол 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.
Сот талқысында анықталғанындай, сотталушы А. мен Б. заңды некеде тұрған. Бірге өмір сүрген уақытта Б. Whatsapp мессенджері арқылы күйеуі А-ның өтініші бойынша оған интимдік сипаттағы фотосуретті өз еркімен жіберген.
Кейінірек араларындағы келіспеушіліктерді ескере отырып, Б. сотқа некені бұзу туралы арыз берген кезде, оған А. келіспеген. Сөйтіп Б-ны масқара ететін интимдік сипаттағы фотосуреттерін таратамын деп қорқытып, одан ақша талап ете бастаған. Ақыры А. өзінің ұялы телефонынан Б-ның әкесінің ұялы телефонына, сондай-ақ Whatsapp мессенджеріндегі жалпы топқа одан бұрын алынған интимдік сипаттағы фотосуреттерді жіберген. Осылайша, Б-ның жеке өмірі туралы құпия мәліметтерді оның келісімінсіз таратқан, - деп хабарлады ведомстводан.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.