Ораза Айт құтты болсын!

Баршаңызға мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі - Ораза айт мейрамы құтты болсын!


Бұл мейрам қасиетті Рамазан айының оразасы аяқталғанын мәлімдейді. Рамазан айында жасалған дұға тілектеріңіз, құлшылық ғибадаттарыңыз қабыл болсын!

Сіз бен бізді келесі Рамазанға дейін аман есен жетуді жазсын! Қасиетті Рамазан он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол айы болса, Ораза айт - бір айлық құлшылығымыздың жемісі. Үш күн тойланатын бұл мейрамда барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленіп, ізгілік пен мейірім, адамгершілік пен қайырымдылық, сыйластық пен достық үстемдік құрады.

Ізгi тiлектер айтылып, бауырмалдық сезімді күшейтетін Айт мейрамы құтты болсын! Алла қасиетті айда жасаған барлық құлшылықтарымызды қабыл етсің!

Әр шаңыраққа бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілейміз. Ел іргесі берік, халқымыз аман болсын!

Другие новости