Павлодарда анасынан  таяқ жеген сәби балалар үйіне орналастырылды



Күйеуін бопсалау мақсатында өз қызын соққыға жығып, видео түсірген әйелден бала тартып алынды. Бұл туралы видеоны жіберген қыздың немере ағасы хабарлады.




«Кеше кешкі сағат 21.00 шамасында қамқоршылық органы Павлодар қалалық ІІБ-мен бірлесе отырып, анасынан сәбиді алып кетіп, Айлинді балалар үйіне орналастырды.

Қазір аталған жайт бойынша, Айлиннің денесінде жарақаттар мен мертігулердің бар-жоғы тексеріліп жатыр», -дейді ол.


Видеодағы ананың жеке деректері анықталған, ол Нұргүл Докуова есімді павлодар азаматшасы болып шықты. Қазір іске байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Нұргүл Докуова қызы Айлинмен


Естеріңізге сала кетейік, кеше сайтта павлодарлық тұрғынның өз қызын аяусыз соққыға жығып жатқаны туралы видео жаряланған болатын. Видеодан анасы кішкентай қызды туысқандарына көрсету үшін, таяқтың астына алғанын көруге болады.

Другие новости