Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың әлеуметтік желі парақшасы бұзылуы туралы арызын қабылдаудан бас тартқаны үшін, Бостандық аудандық ІІБ-нің жеті қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жедел қызмет кезекшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы хабарлайды.
Депутаттың арызын қабылдамай қойғандығы туралы газеттердің бірінде мақала шыққан.
Бас прокуратурада оқиғаға: «Газет шыққаннан кейін, Алматы қаласының прокуратурасы Бостандық аудандық ІІБ-де тексеріс жүргізіп, қабылданбаған арыз туралы жайттың расында да орын алғанын анықтады. Мәселе сол күні шешілді: азаматша Смирнованың арызы қабылданып, аудандық ІІБ-ннің жеті қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, жедел қызмет кезекшісі қызметінен босатылды», -деп түсінік берілді.
Онымен қатар, хабарламада полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері тіркеліп, онымен жемқорлыққа қарсы қызмет айналысып жатқаны айтылған.
Аталған жайттан кейін, прокуратураларға осында жағдайда кінәлілерді бірден анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу мен заңға сай жаза қолдану тапсырылды.
Қазіргі таңда ел ішіндегі прокуратура өкілдіктері қылмыстық тергеу органдарында тексеруді бастап кеткен.