Полиция қызметкерлеріне шабуыл ұйымдастырған экстремистер ұсталды


Арнайы қызмет радикалды топтың мүшелерін ұстады. Бұл жөнінде Informburo.kz хабарлайды.




Мекеменің баспасөз қызметінде: «10 қазан күні Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері құқық қорғау органдарына террорлық акт ұйымдастырмақ болған радикалдық топтың үш мүшесін ұстады»,-деп, мәлімдеме берілді.


Ұсталғандардан қолдан жасалған жарылғыштар мен детонаторлар, терракт жасауға шақыратын діни-экстремистік материалдар тәркіленгені анық болды.


Естеріңізге сала кетейік бұрынырақ, ҰҚК Алматыда радикалды топтардың 29 мүшесін ұстағандары туралы ақпарат таратқан болатын.


26 маусымда Қарағанды облысындағы Балқаш қаласы мен Гүлшат елді мекенінде Ресей әуе күштеріне қарсы қорғаныс мекемесіне шабуыл жасауды жоспарлаған радикалды топтың жолы кесілді.


Ал Ақтөбеде қыркүйектің басында «қасиетті соғысқа» дайындалып, шет елдегі террористермен байланыста болған экстремистер құрықталған еді.

Другие новости