Қарақалпақстанда ұлттық киіз үй Гиннестің рекордтар кітабына енді

Нөкіс қаласындағы «Аққұс» кешенінде бой көтерген әлемдегі ең үлкен қарақалпақ ұлттық киіз үйінің Гиннестің рекордтар кітабына енгені құрметіне салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға министрліктер, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ардагерлер, студенттер, жұртшылық қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. «OROL AGRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған үлкен киіз үйдің диаметрі 42 метр, биіктігі 22 метрді құрайды. Кешенде қарақалпақ, қазақ, түркімен, қырғыз, башқұрт сынды түркі халықтарының киіз үйлері бар. Іс-шара барысында қарақалпақ ұлттық киіз үйінің Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы сертификат салтанатты түрде табыс етілді.

Другие новости