Құтқарушылардың 90 пайызы баспанаға мұқтаж - Шыңғыс Әрінов


Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қызметкерлерін баспанамен қамту жұмыстары қалай жүріп жатқанын баяндады, деп хабарлайды Kazinform. «Қазіргі таңда министрлік тарапынан барлық қажетті шараларды қабылдаудамыз. Бүкіл қажетті келісімдер бар. Бірақ заңды тұрғыда бұл сұрақты әлі шешпедік. Біздің ойымызша, қыркүйектен бастап, Парламентке заңға өзгерістер енгіземіз. Ең басты мәселе - тұрғын үй төлемдерін алу. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап сол мәселені шешеміз деп ойлаймыз», - деді министр Үкімет үйінде өткен брифингте. Тілшілер құтқарушылардың қаншауы баспанаға мұқтаж екенін нақтылап сұрады. «Біздің қызметкерлердің 90% баспанаға мұқтаж деп санай беріңіз», — деп жауап берді Ш. Әрінов.

Другие новости