Әр бесінші қазақстандық қыз алып қашу дәстүрін дұрыс деп санайды




Бұл салтты ең көп қолдайтын Орталық Қазақстан тұрғындары болып шыққан. Олардың айтуынша, қыз алып қашу тойға кететін шығындарды азайтатын көрінеді. Бұл туралы «NewTimes.kz» АП хабарлайды.




Аталған тақырыптағы зерттеуді «Қазақстанның тең құқықтары мен мүмкіндіктері институты» жүргізген. Нәтиже бойынша, респонденттерің басым бөлігі (43,1 %) осындай оқиға болған жағдайда, полицияға жүгінер едік деп жауап беріпті. Бірақ, зерттеушілердің айтуынша, тұрғындардың біршама бөлігі (20,8%) болған іске көнуге дайын екен.


Жауап берген азаматтардың 5%-ы «Жігіттің жағынан материалдық және моральдік шығын өтемін күтетін боламын» деген жауапты таңдаған.


Аймақтық сауалнама барысында алматылықтардың 53,6%-ы бұл мәселе бойынша құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінетінін айтса, астаналықтардың 41,8%-ы қыз алып қашу ісінде беделді туыстарының ықпалына сенетіні белгілі болыпты.


«Қыз ұрлауға ең көп келісімді Қарағанды тұрғындары берген (35,5%). Ал дәстүрге берік оңтүстік халқы неке қиюдың барлық салтын ұстанып, көп туысқандарды шақырып, үлкен той жасауды дұрыс көреді», -дейді социологтар.


Оған қоса, қазақстандықтардың біраз бөлігі қыз ұрлау дерегі бойынша қандай іс қозғалып, жаза қолданылатынын білмейтін болып шыққан. Тіпті 3,9 пайыз респондент мұндай заңның мүлде жоқ екеніне сенімді екен.

Другие новости