​Ресей теннисшісі Қазақстанның атынан ойнамақ


19 жасар Ресей спортшысы Александр Бублик енді Қазақстан атынан шығатын болады. Бұл туралы теннисші өзінің Instagram-дағы аккаунтында жариялады, деп хабарлайды Sport-express.ru.


«Алдағы жарыстарда Қазақстанның атынан шығатынымды жеткізгеніме қуаныштымын», -дейді Бублик.


Бублик Александр – биылғы 2016 жылғы маусымда 960-орыннан 214-сызыққа бірден көтерілген, спорттық карьерасын сәтті бастап келе жатқан жас теннисшілердің бірі. Биыл ол «Кремль Кубогының» ширек финалына дейін жеткен еді.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко, Ярослава Шведова, Юлия Путинцева және тағы басқа бұрынғы Ресей спортшылары Қазақстанның азаматтығына ауысып, жарыстарда біздің тудың астында ойнауды шешкен болатын.

Другие новости