Шахтадан шыққан өртті сөндірген Айбар Қосанов «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды

Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұлы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды, деп хабарлайды Kazinform. Еске сала кетейік, 2 мамыр күні Қарағандыдағы Костенко шахтасы түтіндеп, 200-ге жуық кенші эвакуацияланған болатын. Бықсыған отты алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен конвейер трассасының электр слесары Айбар Қосанов сөндірді. Кенші оқиға туралы хабарлап жатқанда шахтаның басқару бөлмесінде түтін сигнализациясы іске қосылған. Сағат 19:45–те сигнализацияға байланысты түтін сөндірілгеніне қарамастан эвакуация жоспары бойынша шахтадағы 194 кеншіні сыртқа шығару жөнінде шешім қабылданған. Сағат 21:47–де 187 кенші жер бетіне шығарылды.

Другие новости