​Семейдегі дәмхана жаураған тұрғындарға тегін шай таратуда


Семейдегі дәмхана суық күнде жаураған тұрғындарды қолдап, тіпті, оларға тегін шай таратуда. Дәмхана иелері есікке: «Жаураған және де басқа жандарға тегін, ыстық шай» деген жазба іліп қойыпты.




Бұл игі іс бернеше күн бұрын, Семейдегі дүкенде ілініп тұрған хабарландыруға жауап болған тәрізді. Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғындарының сауда жасауға емес, жылынып алуға келе бергенінен мезі болған дүкен иелері «Жылыну 100 теңге» деп жазып қойып еді. Желіде тез таралған дүкен хабарландыруының суреті қолданушылардың ызасына тиген болатын.



Бүгінде Семейде өте қатты суық ауа-райы сақталуда. Термометр көрсеткіші таңертең -30°C көрсеткен. Синоптиктер алдағы күндерде температураның -40°C-ге дейін төмендеуін болжап отыр.

Другие новости