Стиль мен сән: 2000 жылдардағы жұлдыздар образына шолу



Comode әйелдер порталы қазақстандық танымал эстрада жұлдыздарының 2000 жылдардың басындағы стиліне шолу жасап шығыпты. Сонымен біздің әртістер осыдан он-он бес жыл бұрын қалай киінген екен?




Бұл аралықтың сәні тым көп жылтырақ пен тым аз матасымен есте қалды. Бәрі өз образдарында жиі экперимент жасайтын. Біздің жұлдыздар да сынақтан кенде қалмапты.


Дильназ Ахмадиева


Дильназдың образында бәрі керемет – ақ юбка да, ақ шляпа да, тіпті ақ етік те. Екінші суретте әнші «ковбойлық» стильде киінгісі келген-ау, ұзын юбка мен джинс кеудеше, тағы шляпа және етік. Бәрі біріккенде, біртүрлі көрінетіні жасырын емес, бірақ.



Аша Матай


Аша шоу-бизнеске жаңа келгенде, дәл осылай киінетін: жылтыраған алтын түсті пиджак, барқыт қолғап, «шеңбер» сырға, үлкен белдік және қабылан түсті көйлек. Түсініксіздеу болса да, Аша осы образымен сахнаға да шыққан еді.



Мақпал Исабекова


Сол кездердің ең бір орынсыз киімі осы шығар – қысқа лосиналар. Оның үстіне Мақпал сияқты бәрі де ұзын туника киетін. Ал, Мақпал, тіпті, оның сыртына барқыт пиджак қосқан екен, әрине, «шеңбер» сырғасыз образ образ болмайды. Екінші суретте әншінің киімі көрінбей тұр, бірақ мойындағы қызыл лента басты жағымсыз рөлді атқарып тұрғаны анық.



Алмас Кішкенбаев


Қазір біраз толысып алған Алмас ол кездері ап-арық бозбала болатын. Сондықтан шығар, оның жалаңаш денесіне киген пиджагы жарасымсыз көрінеді. Ал басындағы бас киімі мен үлкен қалталы шалбары біраз күлкілі екені де рас.



Перцы тобы


Бұл жігіттерге балағы кең шалбар мен етік жарасымды көрінеді деп кім айтқанын білмейміз, бірақ бұл топта оны бойы ұзын Евгений Гартунг қана кие алатыны түсінікті. Жылтыраған, үлкен аксесуарлар, күлгін бомбер, шалбардағы өрнектер – бәрі де «көздің жауын алады».



Сhina Town тобы


Перцы тобымен бірге қазақ эстрадасында пайда болған бұл топтың қыздары да жылтырақтан бас тартпаған сыңайлы. Қыздар бәрін бірден киген: былғары, қысқа шолақ шалбар, аң терісі, ауыр белдіктер. Айтпақшы, қызыл латекс корсеттегі ару – Динара Сұлтан.



Нұржан Керменбаев


Бұл жерде Нұржан шығыс стилінде көрініпті. Оған өз образындағы үнді қиярларының бейнесі бар жейде, қытай айдаһарының суреті бейнеленген, жылтырақ бомбер, үлкен белдік ұнап тұрғаны анық.




Дауыс International


Мұндай ашық сахна киіміне ол кезде ВиаГра да қызыққан шығар. Қысқа көйлек пен ұзын етік ол кезде сән-тұғын. Әрине, бұл топты да жұқа киімнің үстінен киілген қалың аң терісі айналып өтпеген екен.



Баян Мақсатқызы


Қысқа ақ көйлекті қара колготкимен, ақ шляпамен кигендеріңіз бар ма? Мына суреттегі қызды бүгінде өте сәнді, талғаммен киінетін Баян деп айту қиын, шынында да.



Жәмила Серкебаева


2000 жылдары жас қыздардың сүйікті киімі осы – ұзын, үшкір, жылтыр етік. Атақты скрипкашы ару қара көйлекпен ұзын қызыл етік, ұзын қызыл жамылғы, қызыл сөмке, әрине, ұзын қызыл қолғап киіп шығыпты. Әрине, Жәмила сол кештің «жұлдызы» атанған шығар.



Мөлдір Әуелбекова


Бүгінде ұстамды, ұзын көйлектер киетін әнші Мөлдір ол жылдары КешьЮ-дің құрамында сахнаға жай шықпайтын. Өзгермейтін қабылан түс, қысқа, ашық көйлек, тіпті, қоңыр далап – Мөлдірдің топ мүшесі кезіндегі жиі көрінетін үлгісі болды.




Другие новости