Тоқтар Серіков: «Қазақ тілін білмейтіндерді сахнадан қуу керек»


Танымал қазақстандық әнші Тоқтар Серіков қазақ тілін білмейтін әншілердің сахнада жүргенін қаламайды. Бұл туралы ол өзініңАстана арнасындағы, «Ел аузында» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.




«Олар өнер үшін қауіпті, бұл – бір жұқпалы ауру сияқты нәрсе. Олардан құтылу керек, оларды тоқтату қажет. Менің өнердегі достарымның бәрі бған бір шара қолданған жөн дейді, мен де оларға қосылам. Өз тілін, өз дінін білмейтіндер – рухани дүмше адамдар», -дейді ол.


Тоқтар Серіковты оның өнердегі інісі Талғат Жорабаев та қолдайды екен. Ол қазақ тілінде екі ауыз сөздің басын құрай алмайтындарды адам деп санамайтынын айтты.


Ал Меруерт Түсіпбаева бұл пікірлерге қарсы. Оның айтуынша, өнерде тіл жоқ. Әнші, тіпті, қазақшадан басқа тілде айтудан бас тартатын оқушыларын иврит тілінде ән салуға күштейтін көрінеді.



«Қазақша да, ивритте де ән айтасыңдар. Сендердің қазақша айтқандарыңнан ештеңе өзгермейді деймін оларға», -дейді Түсіпбаева.

Другие новости