​«Вконтактеге» жүктелген уағыздары үшін, 18 жасар жігіт 7 жылға  сотталмақ


Ақтөбеде он сегіз жасар бозбаланы «Вконтакте» желісіндегі әуендері үшін жауапкершілікке тартпақ. Тергеу мәліметінше, ол қосқан аудиожазбалар лаңкестікке үндейді екен. Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" хабарлайды.




Мәуліт Еменовты Қазақстан Республикасының ҚК 2-бөлім, «Телекоммуникация құралдарын пайдаланып, терроризмді насихаттау», 256-бабы бойынша күдікті деп тіркеген.


Ал жігіттің парақшасына қойылған әндердің мәтіні мынадай: «Біз үшін Оның жолында ет болу – абырой. Мейлі, бізді бөлшектеп тастап, біз қуырылған ет болып кетейік. Бірақ, біз дәл осы қалпымызда қайта тірілсек болды. Бізден неге бұлай еткенімізді сұрағанда, біз: «Сен үшін, о, Алла, сенің бейнең үшін, о, Алла!»,- дейміз».


Тергеушілер одан 8 осы тектес әуен тауыпты. Дәл осы уағыздар үшін ол 9 қараша күні сот алдына барды.


Мәуліт әжесі мен атасының қолында өскен. Әкесі жоқ. Анасы бөлек тұрады. Жігіт қызмет көрсету колледжінде оқыған.


Тергеушілер оның осы тамызда анасының смартфонын пайдаланып, «Вконтактеде» аккаунт ашқанын, содан кейін, осындай діни уағыздар жүктегенін дәлелдепті. Олардың тақырыптары «Жиһатқа шақыру» сияқты мәндерге ие екен.


Жігіт: «Мен тамыздан бастап, 5 уақыт намаз оқыдым. Қазір қойдым, өйткені, бәрін түсіндім», -дейді. Ол жоғарыда аталған уағыздарды өзінің парақшасына қойса да, онымен ешкіммен бөліспегенін айтады.


Енді егер тергеу ол жүктеген қауіпті әуендерді басқа біреу-міреудің оқыған, тыңдағанын дәлелдесе, Мәуліт 5 немесе 7 жылға сотталатын болады.

Другие новости