Подробности раскрыл генсек организации Имангали Тасмагамбетов
Шымкент қаласында алаяқ адвокат сотталды. Ол бас бостандығынан төрт жылға айырылды, деп хабарлайды ZTB News.
ҚР Бас прокуратурасының ақпаратына сәйкес, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен алаяқтық және лауазымды тұлғаға пара беруге азғырған жалған адвокат 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ азамат қылмыстық істі тоқтатуға жәрдем беремін деп, күдіктінің туысын лауазымды тұлғаға пара беруге азғырғаны анықталған.
Күдіктінің туысы адвокаттың құқыққа қайшы әрекетін түсініп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне жүгінген.
Жедел іс-шаралар жүргізу барысында азамат 10 млн теңге көлемінде қаражат алу кезінде ұсталды.
Шымкент қаласының прокуратурасы азаматтарға алаяқтардан аса сақ болуды ескертеді.