Итоги прошедшей недели
Депутат Нартай Сәрсенғалиев бұл шешімге қосылмайтынын айтты.
Сіздердің әлеуметтік желілердегі жазбаларыңызды оқып көрдім. Мен бұл шешімге қосылмаймын, өйткені журналистерге тиісті ақпарат алуға мүмкіндік беру керек деп ойлаймын. Олардың ешқайсысы жеке басының мәселесін, туыстарының мәселесін шешу үшін сұрақ қоймайды. Тек қана елдін, халықтың көтеріп жүрген сұрақтарына жауаптарын алады, - деді Сәрсенғалиев.
Шыныменде журналистерге шектеу қойылса, Сәрсенғалиев мәселені көтеруге дайын екенін хабарлады.
Шектеу қойылса, сол кезде сынайтын да тиісті мәселе көтеретін уақыт келеді. Шектеу мәселесінін не үшін пайда болғанын анықтауымыз қажет. Бұл сураққа тиісті құжатты қабылдаған мемлекеттік орган жауапты. Егерде сол құжатқа сәйкес журналисттердің қандайда бір ақпарат алуына кедергі келтірілетін болса, ол мәселені қайта қарастыру керек. Тиісті депутатқа сауал жолдауға, мәселені көтеруге дайынбыз, - деді депутат.