Популярный казахстанский фотограф Карла Нур возмутилась дороговизной и неэффективностью программы для похудения солиста “All Давай”
Алматы облысының Іле ауданында жүк көлігі аялдамаға қатты жылдамдықпен кіріп кетіп, екі адамның өмірін қиды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды ZTB News.
Мамырдың 12-не қараған түні “Бүркіт-35” полицейлері Байсерке ауылында патрульдеу кезінде ЗИЛ-131 көлігіне күдік туғызды. Жүргізуші патрульдік қызметкерлерінің тоқтау туралы өтінішін елемей, ізін суытып құтылмақ болған. Салдарынан жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам Алматы-Жетіген тас жолының 32 шақырымындағы аялдамаға жылдамдықпен кіріп кеткен. Апат салдарынан екеуі қаза тауып, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды, - деп жазды Бауыржан Әленов.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқық бұзушы көлікті орташа дәрежедегі мас күйінде басқарған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына, ал көлік арнайы тұраққа орналастырылды. Екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.